- 58 рет қаралды
Асырап алушы ата-ана мектебінің мақсаты - ата-ана болуға даярлау, бала асырап алуға, шарттарын түсіндіруге, тәртібі мен барлық қажетті іс-шараларды даярлануға көмек көрсету, тыңдаушыларға жаңа сәтті отбасын құру бойынша қажетті білім беру.
Асырап алушылар мектебі асыраушы ата-ана, қамқоршы, қорғаншы болғысы келетін, бала асырағысы келетін, сонымен қатар мұны жүзеге асырып қойған жандар үшін құрылған. Мектеп асырап алушы ата-ана болуға кандидаттарды даярлайды, тәрбиелеуге алынған балаларды тәрбиелеу мен дамуы мәселелері бойынша асырап алушы отбасыларға жәрдем көрсетеді, сонымен қатар заңдық көмек те көрсетеді. Потенциалды кандидаттарға бала асырап алу бойынша көмектесу үшін, осы немесе өзге де сұрақтар бойынша, асырап алушы ата-ана мектебінде семинарлар, тренингтер, дәрістер, үйретуші курстар мен тәжірибе сабақтары жүргізіледі.
Егер сіз тәрбиелеуге бала асырап алуға шешім қабылдасаңыз, онда мектеп түсінуге көмектеседі:
сіз үшін едәуір қолайлы отбасының өміршеңдік формасы қайсы екенін;
қажетті құжаттарды қалай дайындау қажет;
асырап алу құпиясына қалай қарау керек: жасыру керек пе әлде мақтан тұтқан жөн бе;
баланың бейімделуіне қалай жәрдемдесу керек;
отбасыға баланы қабылдауда қалай көмектесу қажет;
баланың тәртібі түсініксіз болған жағдайда не істеу қажет;
баланың дамуына генетикалық және әлеуметтік факторлар қалай әсер етеді және өзге де көптеген жайттар.
- 114 рет қаралды
Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес бүгінгі таңда жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың келесі формалары қолданылады: бала асырап алу, қорғаншылық немесе қамқоршылыққа алу және олардың формалары – патронат және бала қабылдап алатын отбасы, сондай-ақ бала қонақтайтын (уақытша орналастырылатың) отбасы. Отбасына орналастыру формаларының ерекшеліктерін қарастырамыз.
Бала асырап алу - нәтижесінде шығу тегі бойынша туыстарының құқықтары мен міндеттеріне теңестірілетін жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтар мен міндеттер туындайтын сот шешімі негізінде баланы (балаларды) отбасына тәрбиелеуге берудің құқықтық нысаны.
Бала асырап алу бірнеше ерекшеліктерге ие:
- балаға өзін отбасының толық құқылы мүшесі ретінде сезінуге мүмкіндік береді;
- ата-аналар балаға өзінің тегін беруге, атын, әкесінің атын және туған күнін өзгертуге құқылы;
- бала кәмелетке толғаннан кейін де туыстық қатынастар сақталады, ата-аналар мен бала арасында жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтар туындайды;
- ресімдеу рәсімі ұзақ уақытты алады, өйткені азаматтық сот шешімі негізінде бекітіледі;
- заңнамамен бекітілген кейбір біржолғы төлемдерді қоспағанда, мемлекет бала асырап алғаннан кейін көмек көрсетпейді;
- қорғаншылық және қамқоршылық органдары бала асырап алушылардың отбасына жүйелі бақылау жүргізеді;
- мәртебесі бар бала ғана асырап алынуы мүмкін;
- заңмен қорғалатын бала асырап алудың құпиясы бар.
Қамқоршылық және қорғаншылық – он төрттен он сегіз жасқа дейінгі баланың (балалардың), сондай-ақ спирттік ішімдіктерге немесе есірткі заттарына салыну салдарынан сот әрекет қабілетін шектеген кәмелетке толған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны. Он төрт жасқа толмаған балалардың және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны. Қорғаншы немесе қамқоршы - қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тағайындалған тұлға.
Қорғаншылық пен қамқоршылықтың бірқатар ерекшеліктері бар:
- балаға тәрбиеленуші мәртебесін береді және үлкен жаста өзін отбасының толық құқылы мүшесі сезінбеуі мүмкін;
- бала өзінің тегін, атын, әкесінің атын сақтайды;
- ата-аналар мен бала арасында алимент немесе мұрагерлік құқықтық қатынастар туындамайды;
- асырап алушыларға қарағанда қорғаншы үміткерлерге қатаң талаптар қойылады;
- қамқорлыққа алынушыға жақын туыстары немесе басқа да адамдар қорғаншы немесе қамқоршы болуға басым құқыққа ие;
- ресімдеу рәсімі бала асырап алудан жылдам өтеді, өйткені қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі органның шешімімен бекітіледі, сот жүргізу талап етілмейді;
- мемлекет қамқорлықтағы баланы күтіп-бағуға ай сайынғы жәрдемақы төлейді, сондай-ақ оқу орны бойынша тамақтануды, демалыс лагерлеріне және баланы емдеу үшін санаторийлерге жолдамаларды қамтамасыз етеді;
- қамқоршылық және қорғаншылық органдары қамқоршылардың отбасына жүйелі бақылау жүргізеді;
- 18 жасқа толған соң, жеке тұрғын алаңы жоқ қамқорлықтағы адамдарға тұрғын үй бөлінеді;
- баланы қамқорлыққа беру құпиясы жоқ, баланың туған туыстарымен байланысы болуы мүмкін;
- қамқоршылық бала 18 жасқа толғанға дейін орындалады.
Патронат – жетім балалар, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балалар қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган мен баланы (балаларды) тәрбиеге алуға тілек бiлдiрген адам жасайтын шарт бойынша отбасыларға патронаттық тәрбиеге берілетін тәрбие нысаны.
Балалардың патронаттық тәрбиесі көптеген отбасыларға және жұптарға келеді. Патронат балаға жылы отбасылық атмосферада тәрбиелену мүмкіндігін берсе, ал патронаттық тәрбиешіге баланың қамын ойлауға және онда жақсы адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Кейде балалары жоқ немесе балалары өсіп кеткен және өздігінен өмір сүретін жұптар балаларды патронаттық тәрбиеге алады. Патронаттық тәрбие – бұл сондай-ақ бір балаға қолайлы отбасылық жағдайда өсуге көмектесе отырып, өзінің әлеуметтік парызын орындау мүмкіндігі.
Шын мәнісінде патронат балаға қамқоршылық немесе қорғаншылықты белгілеу нысаны болып табылады. Патронаттың басты артықшылығы бала отбасылық ортаға келе отырып, толыққанды күтім, қамқорлық пен назарды алатындығында, отбасында тұру тәжірибесіне, жеке өмір сүру дағдыларына ие болады. Бұл сияқты нысан ата-ана қамқорлығынан айрылған балалардың болашақтағы тағдырын толығымен нақты жоспарлауға мүмкіндік береді. Аталмыш нысанның негізгі мақсаты – баланың әлеуметтенуі, отбасындағы өмір тәжірибесін алу.
Патронаттың бірқатар ерекшеліктері бар:
- асырап алуға беруге мүмкіндік беретін мәртебесі жоқ баланы патронат тәрбиешінің отбасына орналастыруға мүмкіндік береді;
- бала өзінің тегін, атын, әкесінің атын сақтайды;
- патронаттық тәрбиеге берілетін балалар саны үш адамнан аспауы тиіс, бірақ бір отбасынан шыққан балалар саны көп болуы мүмкін;
- патронаттық тәрбиешілерге үміткерлерге асырап алушыларға қарағанда қатаң талаптар қойылады;
- баланы патронаттық тәрбиеге беру мерзімі әртүрлі болуы мүмкін және Шарт талаптарымен анықталады;
- Мемлекет баланы күтіп-бағуға ай сайынғы жәрдемақы төлейді, сондай-ақ оқу орны бойынша тамақтануды, демалыс лагерлеріне және баланы емдеу үшін санаторийлерге жолдамаларды қамтамасыз етеді;
- мемлекет бір патронаттық тәрбиешіге жалақы төлейді;
- қорғаншылық және қамқоршылық органдары патронат тәрбиешінің отбасына жүйелі бақылау жүргізеді;
- 18 жасқа толған соң өз тұрғын алаңы жоқ балаға тұрғын үй бөлінеді;
- баланың туған туыстарымен байланысуы мүмкін, келісім-шарт тараптарымен реттеледі;
- патронаттық тәрбие бала он сегіз жасқа толғанға дейін жүзеге асырылады.
Баланы қабылдайтын отбасы – жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы кемінде төрт және оннан аспайтын жетім баланы, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы тәрбиелеуге қабылдайтын отбасына орналастыру нысаны.
Баланы қабылдайтын отбасын орналастыру нысаны ретінде 09.04.2016 ж. ҚР №501- V заңымен бекітіліп, 2017 жылдың 1 қаңтарынан енгізілді.
Баланы қабылдайтын отбасының ерекшеліктері:
- статусы жоқ балаларды, сондай-ақ көп балалы отбасынан алынған балаларды отбасына орналастыруға, оларды асырап алуға мүмкіндік береді;
- балалар өз тегін, атын, әкесінің атын сақтайды;
- бала асырап алушы үміткер ата-аналарға қарағанда баланы қабылдап алатын ата-аналарға жеңіл талаптар қойылады;
- баланы қабылдайтын отбасына баланы беру мерзімдері әртүрлі болуы мүмкін, ол келісім шарттың шартымен анықталады;
- баланы қабылдап алатын отбасы мен балалар арасында алименттік және мұрагерлік құқықтық қатынастар туындамайды;
- мемлекет баланың күтіміне ай сайын жәрдемақы төлейді, сонымен қатар білім алатын орнында тамақпен қамтамасыз етеді, баланың емі үшін лагерлер мен шипажайларға жолдама береді;
- мемлекет баланы қабылдап алған екі ата-анаға да еңбекақы төлейді;
- қамқоршылық пен қорғаныштық орғандары отбасына үнемі қадағалап отырады;
- бала 18 жасқа толғанда жеке басында баспана болмаса, баспана беріледі:
Балалар өзінің туған туыстарымен байланысуына болады, ол келісім шарттағы тараптармен реттеледі;
- баланы қабылдап алған отбасында бала он сегіз жасқа толғанша тәрбиеленеді.
Бала қонақтайтын отбасы – барлық үлгідегі ұйымдардағы (білім беру, медициналық және басқалар), жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды білім беру процесіне байланысты емес кезеңдерде (каникулдар, демалыс және мереке күндері) тәрбиелеуге уақытша қабылдаған отбасы. Бала қонақтайтын отбасы туралы ереже ҚР БҒМ 2016 жылдың 28 маусымындағы №402 Заңмен бекітілді.
Бала қонақтайтын отбасына қабылдауға тілек білдірген адамдар, бала тұрып жатқан ұйым және бала қонақтайтын отбасына қабылдауға тілек білдірген адамдардың тұрғылықты жері бойынша орган арасында жасалған бала қонақтайтын отбасына беру туралы шарт баланы қонақтайтын отбасына беруге негіз болып табылады. Баланы күтіп-бағуға арналған ақшалай қаражат төлемі және баланы қонақтайтын отбасына қабылдаған адамның еңбегіне ақы төлеу жүргізілмейді. Қамқоршыдан/қорғаншыдан патронаттық тәрбиешінің ерекшелігі патронаттық тәрбиеші балаға берілетін төлемдердің үстіне еңбекақы алады. Патронат тәрбиешілерге ай сайын бір бала үшін 10 АЕК мөлшерде еңбекақы төленеді. Сондай-ақ бала қабылдап алған ата-анаға да еңбекақы төленеді (екеуіне де).



